Жаңалықтар
NIS түлектерінің жыл сайынғы «Samgau» форумы
25 желтоқсан 2024 14:44
Форумымыз тағы да 9–12-сынып оқушыларын үздік университеттерге түскен табысты түлектерімізбен қауыштырды. Олар өздерінің оқу тәжірибесі мен жоғары оқу орнына қабылдану жолындағы ерекше тәжірибелерімен бөлісті.
Форум спикерлері:
Абдрахманова Жанна — 2023 жылғы түлек, Назарбаев Университетінің студенті, мамандығы «Әлем тілдері, әдебиеті және мәдениеті».
Алқанов Алсабир — 2023 жылғы түлек, Constructor University (Германия) студенті, мамандығы «Химия және биотехнология».
Булатова Әльбина — 2023 жылғы түлек, Назарбаев Университетінің студенті, мамандығы «Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар».
Жақыпжанова Айбота — 2021 жылғы түлек, Максут Нарикбаев Университетінің (ҚазГЗУ) студенті, мамандығы «Қонақжайлылық».
Қайырбаев Сабыр — 2022 жылғы түлек, Назарбаев Университетінің студенті, мамандығы «Механикалық және аэроғарыштық инженерия».
Түлектеріміз табысты оқуға түсу құпияларымен, студенттік өмірдің маңызды сәттерімен бөлісіп, оқу мен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтауға қатысты құнды кеңестер берді.
Қызықты сәттер:
Сұрақ-жауап сессиясы: оқушылар өз сауалдарын түлектерге тікелей қоя алды.
Мектеп еріктілері дайындаған интерактивті ойындар іс-шараны одан әрі қызықты ете түсті.
Мұндай форумдар оқушыларымызға шабыт беріп, олардың ой-өрісін кеңейтіп, мамандық таңдауына көмектеседі.
Біз түлектерімізді мақтан тұтамыз және алдағы уақытта жаңа кездесулерді асыға күтеміз!