Жаңалықтар
TabQorTech командасы тағы да стартап-жобалар конкурсында жүлделі орынға ие болды
25 желтоқсан 2024 09:00
Бұл жолы команда Назарбаев Университетінде NIS Alumni ұйымдастырған «Bastau» республикалық конкурсына қатысып, нәтижесінде екінші орынға ие болып, жобаны дамытуға 150 000 теңге көлемінде грант жеңіп алды.
Аталған конкурсқа бүкіл Қазақстаннан 100-ден астам мектеп және студенттік стартап-жобалар ұсынылып, олардың тек 17-і ғана финалға жетті. TabQorTech тобы ауа арқылы әртүрлі дақылдардың тұқымын отырғыза алатын дронды таныстырды. Бұл – еліміз үшін тың инновация болып табылады және ағаштар мен бал өндіретін дақылдарды дәстүрлі әдістермен отырғызудың экономикалық тиімсіздігі мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Команда жеңіп алған қаражатты қолданыстағы дронды жаңғыртуға және оның жұмысына жасанды интеллектіні енгізуге бағыттауды жоспарлап отыр.
Айта кету керек, тек 2024 жылдың өзінде команда жалпы көлемі 1 350 000 теңге болатын қаржылай гранттар иегері атанды.