Жаңалықтар
XXI Халықаралық Жәутіков олимпиадасы сәтті аяқталды
22 қаңтар 2025 10:00
Елордада математика, физика және информатика пәндері бойынша 15 елден келген 700-ге жуық оқушының басын қосқан білім додасы өтті.
Бұл байқауда Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары тамаша нәтиже көрсетіп, 5 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды.
Информатика пәні бойынша ерекше жетістікке қол жеткізгендер арасында Қостанайдағы NIS оқушысы Александр Ершов та бар. Александр өзінің білімін дәлелдеп, қола медальға ие болды.
Бұл жетістік – қажырлы еңбек пен үздік дайындықтың нәтижесі. Александрға және барлық жеңімпаздарға алдағы уақытта да сәттілік тілейміз!