Жаңалықтар
Тәжірибе мен даму келешегі: тірек мектептердің әлеуетін арттыру жобасы аясында Октябрь мектебіне сапар»
28 қаңтар 2025 11:11
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының әдістемелік орталығы директоры Айымгуль Балтабаева, оның орынбасары Татьяна Набатникова, Қостанай қаласындағы “Педагогикалық шеберлік орталығы” филиалының директоры Елена Онищенко және Қостанай қаласындағы НЗМ директоры Гульнар Дусказиева Октябрь жалпы білім беретін мектебіне іссапармен барды.
Октябрь мектебі «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасына қатысуда. Жоба аясында мектеп мұғалімдері Қостанай қаласындағы НЗМ-де бір күндік тағылымдамадан өтуде. Бұл тәжірибе педагогтардың кәсіби біліктілігін арттырып, заманауи білім беру әдістерін меңгеруге мүмкіндік береді.
Мектеп директоры Лариса Сергеева білім ордасының материалдық-техникалық базасын жаңарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады. Ол мектеп жиһаздарының жаңа талаптарға сай орналастырылуы, сабақтарда жаңа жабдықтардың қолданылуы, сондай-ақ оқу кабинеттері мен демалыс аймақтарының жабдықталуы туралы айтты. Сонымен қатар, мектепті жаңарту жұмыстары мен алдағы жоспарларымен бөлісті.
Мұндай жоба ауыл мен қала мектептерінің арасындағы білім берудегі алшақтығын азайтып, оқушылар мен мұғалімдер үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.