logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

“BookCrossing”: Қостанай НЗМ-нің игі бастамасы

28 қаңтар 2025 13:00

2025 жылдың 27 қаңтарында Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі “Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту” жобасы аясында 200-ден астам кітапты Қарасу ауданының Октябрь жалпы білім беретін мектебіне BookCrossing акциясында жиналған кітаптарды сыйға тартты.

Акцияның басты мақсаты – кітап оқуға ынталандыру, кітап оқуды кеңінен насихаттау және оқу мәдениетін қалыптастыру. Сонымен қатар, оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға және олардың тұлғалық мәдени дамуына үлес қосу.

Осы игі іске белсенді қатысқан барлық Қостанай НЗМ мұғалімдеріне, ата-аналарына, оқушыларға, әсіресе «Каспий» және «Бурабай» шаңырақтарына шексіз алғысымызды білдіреміз.

Сіздердің қолдауларыңыз ауыл мектебі оқушылары үшін үлкен мотивация және шабыт көзі болды.