Жаңалықтар
«Сөз мәйегі – мақал»
06 ақпан 2025 10:00
Мектебімізде Назарбаев зияткерлік мектептерінің «Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер» жобасы аясында 8 сыныптар арасында сайыс өтті.
Басты мақсат: Жас ұрпаққа ата-бабадан қалған өшпес мұра – мақал-мәтелдердің мән-маңызын дәріптеу. Бурабай және Балқаш шаңырақтарының 8-сынып оқушылары бес кезеңнен тұратын сайыста өздерінің тапқырлығын, білімін және белсенділігін көрсетіп, тартысты өнер көрсетті.
Қазылар алқасының шешімімен «Балқаш» шаңырағы І орынды иеленіп, жеңіске жетті.
Ал, «Бурабай» шаңырағы ІІ орынға ие болды. Барлық қатысушылар мақал-мәтелдердің рухани құндылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Мақал-мәтел – ата-бабадан жеткен асыл қазына! Оны дәріптеп, болашаққа жеткізу – әрқайсымыздың парызымыз.