Жаңалықтар
«Ақылды бейсенбі»: бизнес пен стартаптар әлемінің сарапшыларымен кездесу
06 ақпан 2025 10:00
«Ақылды бейсенбі» жобасы аясында мектебіміздің кітапханасында 9–11 сынып оқушылары табысты кәсіпкерлермен шабыттандыратын кездесу өткізді:
Татьяна Хасанова – Center AT компаниясының бас директоры және кеңесшісі, акселерациялық бағдарламалардың жетекші трекері (Terricon Valley, Startup Garage, Techprenuers және т.б.), бизнес-тренер әрі коуч, әйелдер кәсіпкерлігі бойынша ментор. Оның тәжірибесінде 200-ден астам стартапты қолдау және инвестиция тартуға жәрдемдесу бар.
Әсел Кинжигаринова – ECO SPA массаж және йога сауықтыру орталығының иесі әрі директоры, нарықта 10 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Оқушылар стартаптар, бизнес және заманауи жобалар туралы белсенді сұрақтар қойды. Қонақтар да өз кезегінде оқушылардың идеяларына, инновацияға деген көзқарастарына қызығушылық танытты.
Үш оқушы өз стартап-питчтерін таныстырып, сарапшылардан құнды кеңестер алды.
Қонақтарымызға шабыт сыйлағаны, білім мен қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз! Бәлкім, дәл бүгін мектебімізде болашақ табысты бизнестің идеясы дүниеге келген болар?