logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Әулиекөл мектебіндегі Team teaching

07 ақпан 2025 08:30

Әулиекөл ауданы Ш. Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мұғалімдері «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасы аясында Қостанай қаласындағы НЗМ-де әдістемелік тағылымдамадан өтуде.

Мұндай тағылымдамалар педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіруге және заманауи білім беру әдістерін меңгеруге мүмкіндік береді.
Осы мақсатта Ш. Уәлиханов атындағы мектепте Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен тірек мектебінің мұғалімдері сабақты бірлесіп жоспарлап, сабақ өткізді. Бұл әдіс NIS тәжірибесінде «Team teaching» деп аталады, екі мұғалім бір сабақты бірігіп өткізеді.

Team teaching екі пән мұғалімдері немесе халықаралық пен жергілікті мұғалімдердің кәсіби бірігуінің арқасында іске асады. Әулиекөл мектебінде келесі тақырыптар бойынша сабақтар өтілді:

Математика - «Квадраттық функция және оның графигі»
Физика - «Радиоактивті ыдырау заңы»
Химия - «ІІ (2)-топ элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттері»
Биология - «Митоз және мейоз үдерістерінің айырмашылығы»
География - «Қазақстан аймақтарының экономикалық әлеуеті»
Қазақ тілі мен әдебиеті - «Биотехнологияның негізгі бағыттары және отандық жетістіктер»

Тірек мектепте өткен Team teaching-тың мақсаты – Зияткерлік мектебі мен тірек мектеп мұғалімдерінің өзара әдістемелік алмасу, іс-тәжірибеде критериалды бағалау принціптері мен пәндерді жаңа мазмұнда оқыту ерекшеліктерін іске асыру.