logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Қостанайдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «100 кітап» жобасы аясында ерекше және дәмді фестиваль өтті

20 ақпан 2025 09:00

«Edible book» фестиваліне қатысқан 5 және 7 сынып оқушылары мен олардың ата-аналары өз қолдарымен жасаған дәмді әрі шығармашылық кітаптармен қонақтарды таң қалдырды. 

Қатысушылар таңдаған кітаптардың авторы, кейіпкерлері мен сюжетін таныстырып, торттар арқылы өз шығармаларын көрсетіп, әдебиетке деген терең түсініктерін көрсетті. Осы фестивальде қазақ әдебиетінен Абай Құнанбайұлының «Абай жолы», Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер», Сәкен Мұқановтың «Балуан Шолақ» сынды туындылармен қатар әлем әдебиетінің жауһарлары ұсынылды. 

Қазылар алқасы торттардың сыртқы келбетін, дәмін, дайындалу техникасын және ұсыну деңгейін мұқият бағалады. Нәтижесінде:

Іорын – 7I сыныбы
ІІ орын – 7E сыныбы
ІІІ орын – 5A сыныбы

Гран при – 7C сыныбы «Мальчик в полосатой пижаме» кітабына арналған тортпен жеңімпаз атанды.Әр сынып өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытып, әдебиетті тағам түрінде ұсыну арқылы жаңа қырынан ашты.



Бұл фестиваль оқушылар мен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты күшейтті әрі балалардың шығармашылық тұрғыда дамуына үлкен септігін тигізді.