Жаңалықтар
NIS оқушылары халықаралық БҰҰ Моделінің конференцияларында марапатталды
21 ақпан 2025 10:00
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары БҰҰ Моделінің қысқы конференцияларына қатысып, дипломатия саласындағы жетістіктері үшін беделді номинациялар мен марапаттарға ие болды.
Бостондағы (АҚШ) MIT-де өткен Model United Nations конференциясында Алматының химия-биология бағытындағы NIS оқушысы Назым Қайрат дипломатиядағы ерекше қабілеті үшін «Honorable Mention» сыйлығын алды.
Ал Оксфорд университетінде Алматының химия-биология бағытындағы NIS оқушысы Анель Иманжанова XXI OXFORD MUN конференциясында 50-ден аса мемлекеттің өкілімен пікірталастырып, еліміздің ұстанымын қорғап, «Көрнекті делегат» деп танылды.
Алматының химия-биологиялық бағытындағы NIS оқушысы Ғазиз Тұрсын Катардағы Джорджтаун университетінде өткен XX Халықаралық MUN конференциясында көшбасшылық қасиеттерімен көзге түсті. Оған «Honorable Mention» сыйлығы табысталды.
Қостанайлық NIS оқушысы Дания Берікқызы да «Honorable Mention» номинациясына ие болып, General Assembly 2 комитетінде 3 орын алды.
GUQMUN-ға Талдықорған, Семей Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары бақ сынады.