logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Би мен кино тоғысқан кеш: NIS Қостанайда “Dance Cinema Show” өтті

25 ақпан 2025 15:58

Қостанайдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде дәстүрге айналған “Dance Cinema Show” фестивалінде би мен кинематография керемет үйлесім тапты.



13 шаңырақтың ең креативті және шығармашылық қатысушылары тартысты би алаңында танымал кинофильмдерден алынған түрлі би көріністерін ұсынды.

Әр команда сахнада өз қалаулары бойынша диалогтар мен көріністерді қоса көрсетті, ал костюмдер мен би стильдері ерекше болды.

Би бәсекесін қазылар алқасының мүшесі, “RAUAN” хореографиялық ансамблінің жетекшісі – Круглов Андрей өз биімен ашты, әрі бұл бәрімізді нағыз шығармашылыққа толы атмосфераға енгізді.

🏆 Нәтижесінде, әділ қазылар алқасының шешімімен Гран-приді “Жайық” шаңырағы жеңіп алды. Олар “Кухня” сериалының көңілді әрі динамикалық би сәтін көрсетті. Мейрамхана қызметкерлерінің күнделікті өміріндегі күлкілі жағдайлар мен әзілдерді дәл бейнеледі. 🎉

🥇 Жеңімпаздар:
• І орын – “Зайсан” шаңырағы 👑
• ІІ орын – “Бурабай” шаңырағы 🥈
• ІІІ орын – “Балхаш” шаңырағы 🥉

Әр шаңырақ көрерменге керемет эмоциялар сыйлады.💫

📝 Сонымен қатар, әділқазылар алқасының мүшелері ретінде:

🔹Қостанай облысының көркемөнерпаздар халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының көркемдік жетекшісі, театр және кино актері – Әбдібек Марғұлан.

🔹”Орда” би ансамблінің жетекшісі. Қостанай облысы Жастардың Алтын кітабының лауреаты – Ақбота Дукенова.

🔹Халықаралық конкурстардың лауреаты, Б.Момышұлы атындағы №5 мектептің хореографиялық ұжымы жетекшісі – Анастасия Фатхудинова.

Бұл би шайқасы – тек талантты бишілердің ғана емес, шығармашылық идеялар мен ұжымдық еңбектің жеңісі!