Жаңалықтар
«До-ре-ми-фа-соль» концерт-мюзиклі:
26 ақпан 2025 01:00
Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің акт залында «Hard Chord» вокалды-аспаптық ансамблінің есептік концерті өтті. Кеш көрермендерге түрлі туындылар мен эмоцияларға толы музыкалық әсер сыйлады.
Концерт барысында дәстүрлі және заманауи әуендер орындалды. Бағдарламаның ерекше нөмірлерінің бірі – ұлттық қазақ музыкалық шығармасы «Көроғлы», ол кешке өзіндік ұлттық реңк берді.
Сонымен қатар көрермендер «Lovesong», «Құстар әні», «Эта песня простая», «Ромашки», «Believer», «Кеш мені», «Лето, солнце, рок-н-ролл», «We don’t talk anymore», «Саяхат», «Рассвет», «Путь», «Қош бол» әндерін тыңдап, түрлі музыкалық стильдердің үйлесімін сезінді.
Режиссер әрі жетекші Булат Есмухамбетович ұжымның жалпы көңіл күйі мен шығармашылық ынтасын тамаша жеткізді. Концерт жоғары деңгейде өтті.
«Hard Chord» ансамблін есептік концерттің сәтті өтуімен құттықтаймыз! Алдағы шығармашылық жобалар мен қойылымдарда зор табыстар тілейміз.