logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Ақ раушан гүлдер күні»: Алғыс айту күніне арналған мерекелік іс-шара

05 наурыз 2025 11:50

Мектебімізде «Алғыс айту» күніне орай дәстүрге айналған «Ақ раушан гүлдер күні» атты ерекше мерекелік іс-шара өтті. Бұл күні өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары ерекше әрі жылы шырайлы көңіл күй сыйлап өз алғыстарын білдірді.

Мерекелік іс-шарада тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Амир Ажмухамбетов құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді.
Мектептің тазалығын сақтайтын, асханамызда дәмді тағамдар дайындайтын және денсаулығымызға көңіл бөлетін барлық қызметкерлерге алғыс хаттар табыс етілді. Олардың тынымсыз еңбегі мен қамқорлығы біз үшін өте құнды.

Концертте мектептің талантты оқушылары өз өнерлерін көрсетті. «Тұмар» би ансамблі мың бұрала би билеп, «Бозторғай ана» әні мен «Hard Chord» вокалды-аспапты ансамблінің орындауындағы «Қош бол» әні ерекше әсер қалдырды.