logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Қостанайдағы NIS оқушысы алтын медаль жеңіп алды

13 наурыз 2025 11:55

11Е сынып оқушысы Хасанов Мадияр Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының халықаралық конкурсында “Экономикадағы математикалық әдістер”секциясында І орынды иеленді.

Бұл байқауға Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Беларусь және Ресейден 100-ден астам дарынды оқушылар қатысты.

Конкурстың басты мақсаты – математика және механика саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау. 

Конкурс қатысушылары 4 секция бойынша зерттеу жобаларын қорғады:
 Математика
 Қолданбалы математика
 Механика
 Экономикадағы математикалық әдістер

Ғылыми жетекшісі: Физика пәнінің мұғалімі Исмагулов М.К.

Мадиярдың жеңісі – оның үздік білімінің, еңбегі мен талпынысының нәтижесі! 

Құттықтаймыз, Мадияр! Сенің болашағың жарқын және табысты болатынына сенеміз!