logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Зерттеудегі бір қадам – дамудың жүз қадамы»: NIS Қостанайда өңірлік ғылыми-практикалық конференциясы

11 сәуір 2025 15:20

2025 жылғы 11 сәуірде Қостанай қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылар арасында «Зерттеудегі бір қадам – дамудың жүз қадамы» атты өңірлік ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияға Қостанай облысының жалпы білім беретін және инновациялық мектептерінің дарынды оқушылары қатысты. Шараның басты мақсаты – ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан оқушыларға қолдау көрсету, оларды ғылым жолына ынталандыру.

130-дан астам ғылыми және жобалық жұмыс ұсынылған секцияларда сарапшылар ретінде А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің оқытушылары төрелік етті.