Жаңалықтар
NIS MUN – болашақ көшбасшылардың алаңы!
12 сәуір 2025 15:37
12 сәуір күні Қостанай қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ауқымды іс-шара – БҰҰ Моделі (Model UN) өтті. Бұл шараға мектебіміз бен қала мектептерінен келген 9–12 сыныптың 70-тен астам оқушысы қатысты.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың жаһандық құзыреттіліктерін, көпшілік алдында сөйлеу, сыни тұрғыдан ойлау және көшбасшылық дағдыларын дамыту.
Қатысушылар келесі комитеттерде өздерін көрсетті:
• UNGA: Төраға – Берікқызы Дания, қос төраға – Байтұла Ержан
• UNICEF: Төраға – Жақыпов Әлихан, қос төраға – Алмағамбетов Мансұр
• UNSC: Төраға – Бейсембай Ержан, қос төраға – Сарбасов Дамир
Бас хатшы – Дария Шунушева.
Конференция барысында өзекті халықаралық мәселелер талқыланып, қатысушылар аналитикалық және дипломатиялық қабілеттерін көрсетіп, ымыраға келу мен жаһандық проблемаларды шешудің жолдарын ұсынды.