logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Берекелі, мерекелі, әз Наурыз Қостанайдағы NIS-те аталып өтті

21 сәуір 2025 15:49

Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Наурыз мейрамы ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. «Берекелі, мерекелі, әз Наурыз!» атты іс-шара ұлттық дәстүр мен рухани байлықты дәріптейтін тағылымды кешке айналды.

Мерекелік думан шашу шашумен басталып, «Қажымұқан» қойылымымен жалғасты. Қонақтарға дәстүрлі Наурыз көже ұсынылып, көпшілік ұлттық дәмнен ауыз тиеді. Мектеп директоры Гүлнара Дусказиева жүрекжарды тілегін білдіріп, мерекемен құттықтады.

Кеш бойы күй тартылып, ән шырқалып, ұлттық билер биленді. Мектеп ауласында арқан тарту, қол күрес, тартылу, садақ ату секілді ұлттық ойындар ойнатылып, оқушылар мен ұстаздар белсенді қатысты.

Мерекенің басты кейіпкері – Қыдыр ата келіп, ақ батасын берді. Наурыз – бірлік пен берекенің, жаңару мен жасампаздықтың мейрамы екенін тағы бір дәлелдеген күн болды.