logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Қостанайлық NIS оқушысы “Жарқын болашақ олимпиадасының жүлдегері атанды

03 мамыр 2025 16:29

2025 жылғы 1-2 мамыр аралығында Астана қаласында өткен «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының қорытынды кезеңінде Қостанайдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Косенко Полина ІІ орын иеленіп, үлкен жетістікке қол жеткізді! 

Полина «Әнші бұлбұлдар» бағыты бойынша өнер көрсетіп, қазақ тілінде ән айту шеберлігімен, сахнадағы өзін-өзі таныстыруымен және орындаған ән туралы терең түсінігімен көзге түсті.

 Қазылар алқасы қатысушылардың:
- қазақ тілінде ән орындау деңгейін,
- өз ойларын еркін жеткізу қабілетін,
- сұрақтарға сенімді жауап беруін жоғары бағалады.

Олимпиаданың мақсаты — мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани құндылықтарын дәріптеу.
Полинаны шын жүректен құттықтаймыз!