logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS Kostanay мұғалімі Мемлекеттік марапатқа ие болды

15 тамыз 2025 11:47

Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің география пәнінің мұғалімі-сарапшысы Садвакасов Алмас Жұмашевич ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың қолынан “Ерен еңбегі үшін ”төсбелгісін иеленді.

Алмас Жұмашевич 2015 жылдан бері мектебімізде табысты еңбек етіп келеді. Осы уақыт ішінде ол көптеген оқушыларды республикалық және халықаралық деңгейдегі пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобаларға дайындап, үздік жетістіктерге қол жеткізді.

Жақында ғана оның шәкірті Андрей Енбахтов IGeO–2025 халықаралық география олимпиадасында алтын медаль жеңіп алып, Қазақстанның атын әлемдік аренада асқақтатты.

Алмас Жұмашевич - Қостанай облысы жастарының «Алтын кітабының лауреаты. Ұстаздың табанды еңбегі мен білімге деген сүйіспеншілігі шәкірттерінің биік белестерді бағындыруына жол ашып келеді. Елімізде білімінің дамуына қосып жатқан үлесіңіз үшін алғыс білдіреміз!