logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Қостанайдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде алғашқы қоңырау соғылды!

02 қыркүйек 2025 12:05

Білім күніне орай Қостанай қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты жиын өтті.

Биылғы Білім күні еліміздің тарихындағы айтулы оқиғалармен тұспа-тұс келіп отыр. Атап айтқанда, ұлт ұстазы, ағартушы, қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толып отыр. Оның «Халықтың ең үлкен байлығы – білімді де саналы перзенттері» деген өсиеті бүгінгі ұрпақ үшін бағыт-бағдар болары сөзсіз.
Сонымен қатар, биыл Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толып, Ата Заңымыздың ел бірлігі мен тәуелсіздігін сақтау жолындағы маңыздылығы тағы бір мәрте атап өтілді.

Салтанатты шарада алғашқы құттықтау сөзді мектеп директоры Гульнара Дусказиева сөйледі. Ол жаңа оқу жылының негізгі мақсат-міндеттеріне тоқталып, мектеп ұжымына шығармашылық табыс, ал оқушыларға сапалы білім мен жарқын болашақ тіледі:

“2025–2026 оқу жылында мектебімізге 5-сыныпқа 22 оқушы, ал 7-сыныпқа 141 оқушы қабылданды. Бұл – үлкен отбасының жаңа мүшелері. Баршаңызға сәттілік тілеймін!” – деді мектеп директоры.

Салтанатты жиында кәсіпкер, меценат, Қостанай облыстық мәслихатының депутаты, «Қазақстан құс өсірушілер одағының» Президенті Кайрат Алембаевич Маишев барлық ата-аналар атынан құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді.


Жиын барысында оқушылар мен ұстаздар жаңа білім жылына деген дайындықтарын көрсетіп, шығармашылық нөмірлер орындап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Білім жолындағы әр қадам берекелі болсын!