logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Мектеп табалдырығын жаңа аттаған оқушылар ресми түрде Зияткерлер қатарына қабылданды

22 қыркүйек 2025 11:11

Қостанайдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ерекше дәстүрге айналған маңызды шара өтті.

Мектеп табалдырығын жаңа аттаған 5–7 сынып оқушылары ресми түрде Зияткерлер қатарына қабылданды. Шара барысында «HardChord» вокалды-аспапты ансамблі әсем әуендер орындап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ал әр шаңырақ лидерлері дәстүр бойынша 7 сынып оқушыларына галстук табыстап, жаңа зияткерлерді жылы ықыласпен қарсы алды.



Мектебіміздің мақтанышы Андрей Енбахтов жас зияткерлерге жүрекжарды тілегін білдіріп, мотивациялық сөз сөйледі. Бұл күн – жаңа бастамалардың, достық пен үлкен жетістіктердің бастауы болды.