logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Қостанайдағы NIS-тегі дәстүрлі FamilyFest2025 мерекесі

28 қыркүйек 2025 15:00

Қостанайдағы NIS-те Денсаулық күні аясында дәстүрлі FamilyFest2025 мерекесі өтті. Бұл ерекше шара 5-7 сынып оқушылары мен олардың ата-аналарының бейімделуіне, сондай-ақ отбасы құндылықтарының маңызын айқындауға бағытталды.

Кеш бойы түрлі ойындар, қызықты конкурстар мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылып, жылы атмосфера мен достық қарым-қатынас орнады.

Шараның басты мақсаты – бірлескен шығармашылықты дамыту, отбасылық үйлесімділікті қолдау және ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту болды. Би үйірмесінің талантты оқушылары дайындаған дене жаттығулары барлық қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.

 FamilyFest2025 – достық, шығармашылық пен шаттыққа толы күн болды.