Жаңалықтар
Ел үміті CUP–2025
29 қыркүйек 2025 11:39
Қостанайдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде республикалық “Ел үміті CUP–2025” турниріне қатысуға іріктеу ойыны өтті.
Дебат барысында қатысушылар әлеуметтік желілердегі жас шектеуі, жасанды интеллекттің ықпалы, жастардың шетелде білім алып, елге оралмауы сияқты өзекті тақырыптарды талқылап, өз көзқарастарын дәлелді түрде ұсынды.
Нәтижесінде “Samruk” дебат клубының белсенді мүшелері республикалық кезеңге жолдама алды:
Қазақ лигасында – Какимжанова Жансая мен Қазым Әсемгүл (10В)
Ағылшын лигасында – Жұмағали Жібек (11А), Ақылбек Ерхан (11В) және Нурмуратова Сезім (11В)
Жас пікірсайысшыларымызға алдағы додада сәттілік тілейміз!