logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Александр Шерцер – «Шапағат» медалінің иегері атанды

02 қазан 2025 11:47

Елорда төрінде өткен Мұғалімдер күніне арналған мерекелік концертте Қостанайдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Шерцер Александрдің еңбегі тағы да лайықты түрде бағаланды. Ол «Шапағат» медалімен марапатталып, жоғары награданы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жеке өзі табыс етті.

Айта кетейік, 2024 жылы Александр Иванович «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының жеңімпазы атанған болатын. Ұстазымызды шын жүректен құттықтаймыз! Оның табандылығы, кәсібіне деген сүйіспеншілігі және шәкірттеріне деген қамқорлығы – баршаға үлгі.