logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Svision» NIS командасы жасанды интеллект хакатонында жүлдегер атанды

04 қараша 2025 10:07

Қостанайдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Svision» және «Ради нее» командалары Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде өткен «Qostanai AI-Sana Industry Hackathon: Allur Challenge» атты ірі технологиялық сайысқа қатысты.

Бұл іс-шара облыс әкімдігінің қолдауымен, Халықаралық электрбайланыс одағы, «Allur» автозауыты, ҚИнЭУ және Qostanai Hub серіктестігінде ұйымдастырылды.

Үш күн бойы қатысушылар тәлімгерлермен бірлесіп, өндірістегі бояу сапасын анықтайтын жасанды интеллект жүйесін әзірледі. Командалар машиналық оқыту мен компьютерлік көру технологияларын қолданып, өндірістегі сапаны бақылауды жетілдіруге бағытталған инновациялық шешімдер ұсынды.

НЗМ-нің «Svision» командасы үздік нәтижемен ІІІ орынға ие болып, 200 000 теңге жүлдеге, сондай-ақ «Aman» стартапынан арнайы сыйлыққа (100 000 теңге) қол жеткізді! 

Бұл жетістік – біздің оқушыларымыздың креативті ойлауы мен заманауи технологияларға деген қызығушылығының айқын көрінісі.

Оқушыларымызға жаңа идеялар мен үлкен жеңістер жолында сәттілік тілейміз!