Жаңалықтар
Қостанайдағы NIS оқушысы Мирас Тойымбетов Президенттік олимпиададан қола медаль жеңіп алды
21 қараша 2025 10:39
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары жаратылыстану-математика бағытындағы XVIII Президенттік олимпиадада жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Биылғы республикалық білім сайысына NIS жүйесінен 18 оқушы қатысып, олардың 15-і жүлдегер атанды. Қорытынды бойынша оқушылар 8 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
Президенттік олимпиада 11–12 сынып оқушылары арасында өткізіліп, өңірлік, іріктеу және финалдық кезеңдерден тұрды. Әр кезеңде қатысушылар терең теориялық білімді және жоғары деңгейдегі практикалық дағдыларды талап ететін күрделі тапсырмаларды орындады.
Мирас пен оның жетекшілерін жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа белестер мен жарқын жетістіктер тілейміз!