logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«NIS Cup Kostanay 2025» пікірсайыс турнирі

08 желтоқсан 2025 15:09

Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында мектепішілік пікірсайыс турнирі өтті.

Қазақ лигасынан – 8 команда, орыс лигасынан – 16 команда қатысып, қоғамдағы маңызды мәселелер бойынша өз көзқарастарын ортаға салды. Пікірсайыста байлықтың әлеуметтік қабылдануы, стратегиялық салаларды мемлекеттік бақылауға алу, әлеуметтік желілердің жаңалық таратудағы рөлі, гуманитарлық ұйымдарда роботтарды қолдану, қосымша білім беру орталықтарының қызметі сынды кең ауқымды тақырыптар талқыланды.

Қазақ лигасы нәтижелері:
Танатов Ерсултан (10B), Хамитбек Әділет (10B)
Нұрбеков Нұржан (9B), Мухамбедия Інжу (9A)
Смағұл Жансая (10A), Акимбай Айымторы (10A)
Үздік спикер – Мухамбедия Інжу (9A)

Орыс лигасы нәтижелері:
Джакупова Сабина (10D), Бекенова Аружан (10D)
Курганбеков Даулет (10D), Букенова Айлана (10D)
Сантимирова Махаббат (8B), Абилева Ислана (8I)
Үздік спикер – Курганбеков Даулет (10D)

Турнир жас дебатшылардың сыни тұрғысынан ойлау, дәлелмен сөйлеу және қоғамдық пікір қалыптастыру дағдыларын шыңдауға бағытталды. Қатысушылар өз білімдері мен көшбасшылық қабілеттерін жақсы деңгейде көрсетті.