Жаңалықтар
Шаңырақ көшбасшылары мен оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының министрлері форумы
09 желтоқсан 2025 15:40
Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ең белсенді, бастамашыл оқушыларды біріктірген форум өтті. Форум барысында қатысушылар өз идеяларымен, сәтті жобаларымен және мектептегі өзін-өзі басқару тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шараның негізі – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ұйымдастырған Ұлттық көшбасшылар форумында алынған білім мен тәжірибе болды. Қатысушылар: шаңырақ көшбасшылары, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының министрлері.
Форум жаңа бастамаларға шабыт беріп, көшбасшылық қабілеттерді дамытуға серпін берді және мықты, ұйымшыл мектеп қауымдастығын қалыптастыруға жол ашты.