logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Кәсіп пен шабыт тоғысқан күн: NIS Қостанайдағы «ProFest» фестивалі

15 желтоқсан 2025 15:47

Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ҚР Тәуелсіздік күніне орай оқушылар мен ата-аналар арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған ерекше кәсіби бағдарлау шарасы өтті. «ProFest: Тәуелсіздік формуласы» оқушыларға ата-аналардың кәсіби әлемімен танысып, жаңа білім алу мен шабыт алу алаңын ашты.

5-12 сынып оқушылары келесі бағыттар бойынша шеберлік-сағаттарға, Workout-сессияларға және кәсіби бағдарлауға қатысты:
-тігін тігу
-сурет салу
-алғашқы медициналық көмек
-фото өнері
-аспаздық (тәтті нан пісіру)
-стоматология
-би өнері (лезгинка)
-спорт (каратэ, қазақша күрес)
-қаржылық сауаттылық
-теңіз әскери қызметі
-магистральдық желілер
-білім беру орталықтары
-бизнес және тағы басқа.

ВИА «Hard Cord» және «Тұмар» би ансамблі мерекелік көңіл күйді көтеріп шараға ерекше реңк берді.
Іс-шара соңында белсенділік танытқан ата-аналарға алғыс хаттар табысталды. «ProFest» нәтижесінде ірі компаниялар мен ұйымдардың, сондай-ақ жеке кәсіпкерлердің атсалысуымен оқушыларға оқу жылы бойы іс-тәжірбиеден өту мүмкіндігі берілді. Шараға қатысқан және қолдау көрсеткен барлық ата-аналарға алғыс білдіреміз!