Жаңалықтар
Төрт құрлық чемпионымен тағылымды кездесу
29 қаңтар 2026 14:16
«Ақылды бейсенбі» жобасы аясында қазақстандық конькиші, төрт құрлық чемпионы (2021), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Денис Кузинмен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу еркін диалог форматында өтті: оқушылар табысқа жету жолы, тәртіп, мотивация және кәсіби спорт туралы белсенді түрде сұрақтар қойды. Әңгіме оқушыларға шабыт беріп, әрі пайдалы болды. Қонағымызға ашықтығы мен бөліскен тәжірибесі үшін, ал оқушыларға қызығушылығы мен белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреміз!