logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Мектебімізде «100 кітап» жобасы аясында «Edible book» фестивалі өтті

30 қаңтар 2026 14:27

Мектебімізде «100 кітап» жобасы аясында ерекше әрі креативті «Edible book» фестивалі өтті. 5-7 сынып оқушылары өздері оқыған шығармаларынан шабыт алып, кітап кейіпкерлері мен мазмұнын тәтті торттар арқылы шебер бейнеледі. Әр жұмыс – оқуға деген сүйіспеншілік пен шығармашылық қиялдың көрінісі болды.

Шара барысында кітапхананың оқу клубының белсенді оқушылары қатысушыларға арналған қызықты әдеби квест ұйымдастырып, фестивальге ерекше серпін қосты.
Фестиваль қорытындысы бойынша:
 І орын – «Дикая собака Динго» (Әмудария шаңырағы)
 ІІ орын – «16 жасар чемпион» (Жайық шаңырағы)
ІІІ орын – «Ана жүрегі» (Зайсан шаңырағы)

Сондай-ақ, барлық белсенді қатысушылар түрлі номинациялармен марапатталып, жақсы өнер көрсеткен оқушыларға грамоталар табысталды. Кітап пен тәтті қиял тоғысқан бұл фестиваль оқушылар үшін ұмытылмас әсер қалдырды.