logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS Қостанай оқушылары – жүлдегерлер қатарында

06 ақпан 2026 14:35

IQostanay оқушылар сарайында IV облыстық «ОқыЖәнеЖең» онлайн кітап оқу байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Аталған байқауда Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
Туктар Әділхан – ІІІ орын, Арсаева Дария – ІІ орын
Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталды. 

«ОқыЖәнеЖең» байқауы – кітапқа деген сүйіспеншілікті арттырып, оқуға шынайы қызығушылық танытатын жастарды біріктіретін маңызды алаң. 
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз және жаңа шығармашылық жетістіктер тілейміз!