Жаңалықтар
Мектебіміздің «Тұмар» би ансамблі «MEGA DANCE» би байқауында жеңімпаз атанды
13 ақпан 2026 14:41
«MEGA DANCE» би байқауында Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Тұмар» би ансамблі ересектер тобы арасында І орынды иеленді.
Бұл – қажырлы еңбек пен табандылықтың, шығармашылық ізденіс пен сахна мәдениетінің жарқын нәтижесі. Ансамбль мүшелері өз өнерлерімен көрермендерді тәнті етіп, жоғары деңгейдегі дайындықтарын дәлелдеді.
Байқаудың мақсаты – заманауи би бағыттарын дамыту және кеңінен насихаттау, дарынды орындаушыларды анықтау және қолдау, сондай-ақ қатысушылардың орындаушылық шеберлігін арттыру. Жетекшісі - Г. Аскарова. Жеңіс құтты болсын! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беріңіздер!