logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Мектебіміздің «Тұмар» би ансамблі «MEGA DANCE» би байқауында жеңімпаз атанды

13 ақпан 2026 14:41

«MEGA DANCE» би байқауында Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Тұмар» би ансамблі ересектер тобы арасында  І орынды иеленді.

Бұл – қажырлы еңбек пен табандылықтың, шығармашылық ізденіс пен сахна мәдениетінің жарқын нәтижесі. Ансамбль мүшелері өз өнерлерімен көрермендерді тәнті етіп, жоғары деңгейдегі дайындықтарын дәлелдеді.

Байқаудың мақсаты – заманауи би бағыттарын дамыту және кеңінен насихаттау, дарынды орындаушыларды анықтау және қолдау, сондай-ақ қатысушылардың орындаушылық шеберлігін арттыру. Жетекшісі - Г. Аскарова.  Жеңіс құтты болсын! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беріңіздер!