Жаңалықтар
Андрей Енбахтов абсолютті чемпион атанды
02 сәуір 2026 10:31
9–11 (12) сынып оқушылары арасында өткен география және химия пәндері бойынша республикалық олимпиадада мектебіміздің оқушысы Андрей Енбахтов география пәнінен І орын иеленді! Андрей 11-сынып оқушылары арасында абсолютті чемпион атанды. Бұл – оқушының терең білімі мен жүйелі дайындығының нәтижесі. Жетекшісі – А. Садвакасов.
Андрейді және жетекшісін осы жоғары жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жеңіс – үлкен еңбектің, табандылықтың және білімге деген құштарлықтың айқын дәлелі. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете беруіне тілектеспіз!