logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Республикалық олимпиададан күміс жүлде

08 сәуір 2026 10:39

Қостанайдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Клышев Даниал республикалық олимпиадада күміс жүлдеге ие болды! Тараз қаласында Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша өткен республикалық олимпиада қорытындыланып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Зияткерлік сайысқа еліміздің барлық өңірлерінен 267 оқушы қатысып, өз білімдері мен қабілеттерін сынға салды. Олимпиада нәтижесінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары 1 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль иеленді. Солардың қатарында мектебіміздің 10С сынып оқушысы Клышев Даниал Қазақстан тарихы пәні бойынша ІІ орын иеленіп, жоғары нәтиже көрсетті.

Қатысушылар әдеби шығармаларды талдау, тарихи деректерді сараптау және тілдік құзыреттілікті тиімді қолдану бағыттары бойынша өз білімдері мен дағдыларын танытты. Даниал мен оның жетекшісі Дамир Исиргеповты шын жүректен құттықтаймыз және оларға жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!