logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Мектебімізге Council of International Schools (CIS) сарапшылар тобы арнайы сапармен келді

19 сәуір 2026 10:50

Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне Council of International Schools (CIS) сарапшылар тобы арнайы сапармен келді. Бұл – мектептің алдағы 5 жылға қайта аккредиттелуі аясындағы қорытынды кезең.

Апта бойы 7 халықаралық сарапшы білім беру үдерісін, мектеп ортасын және басқару жүйесін жан-жақты бағалайды. Сапардың алғашқы күні қонақтар мектеп қызметімен танысып, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы өткізген экскурсия барысында оқу ордасының ерекшеліктерін көрді. Сондай-ақ сарапшылар мен педагогикалық ұжым арасында кездесу өтіп, сапардың негізгі мақсаттары мен алдағы жұмыс бағыттары айқындалды.

Бұл маңызды кезең – мектептің халықаралық стандарттарға сәйкестігін көрсетіп қана қоймай, білім сапасын одан әрі жетілдіруге жаңа серпін береді.