logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Ұстаз еңбегі – ұлт болашағының кепілі

21 сәуір 2026 10:17

NIS Kostanay география пәні мұғалімі Алмас Садвакасов жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі еңбегі үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.

Ұстазымыз білім беру саласында 16 жылдан бері табанды еңбек етіп келеді. Осы уақыт ішінде ол кәсіби шеберлігімен, оқушыларға деген жанашырлығымен және жаңашыл көзқарасымен ерекшеленіп, көптеген шәкірттердің білім мен ғылымға деген қызығушылығын арттыруға зор үлес қосты.

Алмас Садвакасовтың еңбегі әрдайым жоғары бағаланып келеді. Оның жетекшілігімен шәкірттер республикалық, халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Алмас Садвакасовты жоғары марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!