Жаңалықтар
Council of International Schools (CIS) халықаралық сарапшыларының сапары аяқталды
24 сәуір 2026 15:18
Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Council of International Schools (CIS) халықаралық сарапшыларының сапары аяқталды.
6 күн бойы сарапшылар мектеп өмірін жан-жақты зерттеді: оқу сабақтарына және сыныптан тыс іс-шараларға қатысып, мектеп қауымдастығының өкілдерімен кездесулер өткізді. Сапар барысында білім беру ортасы мен негізгі үдерістер қарастырылды. Сапар қорытындысы бойынша сарапшылар мектеп ұжымына алдын ала қорытындыларын ұсынып, негізгі бақылаулармен бөлісті. Олар жұмыс кезеңдерінің барлығының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, сабақ сапасын және сыныптан тыс іс-шаралардың алуан түрлілігін, жатақхана қызметін жоғары бағалады.
Сонымен қатар педагогтердің зерттеушілік мәдениетінің дамығанын және мектеп өмірінде оқушы дауысының маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Бұдан бөлек, ұжымның ортақ құндылықтарға берілгендігі, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық әлеуеті мен белсенділігі ерекше атап өтілді.