Жаңалықтар
Жеңіс күніне арналған тағылымды кездесу
06 мамыр 2026 16:10
Оқушылардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік пен тыл еңбегін дәріптеу, бейбіт өмірдің құндылығын ұғындыру мақсатында мектебімізде 9 мамыр – Жеңіс күніне орай іс-шара өтті.
Шараға тыл еңбеккері Галина Агапова және Ұлы Отан соғысы ардагерінің ұрпағы Жансая Исмайлова қонақ болды. Галина Агапова соғыс жылдарындағы ауыр кезеңдер туралы естеліктерімен бөлісіп, оқушыларға сол уақыттың шынайы көрінісін жеткізді.
Қонағымыз Жансая атасынан қалған, соғыс жылдарынан сақталған құнды жәдігерлерді ала келіп, оқушыларды «Бейбіт күннің бағасы» атты көрмемен таныстырды.
Қазақтың қаһарман қыздары туралы «Әлия мен Мәншүк» көрінісі көрсетілді. Шара барысында «Жекпе-жек» күйі орындалып, оқушылар әсерлі өлеңдер оқыды. Кездесу соңында оқушылар қонақтарға сұрақтар қойды.