Жаңалықтар
NIS жүйесіне – 18 жыл!
13 мамыр 2026 16:15
13 мамыр – ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ұйымының құрылған күні. Биыл еліміздің білім беру кеңістігінде ерекше орны бар NIS жүйесіне 18 жыл толып отыр. Осы айтулы датаға орай Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қызметкерлерге «Өркен» төсбелгілерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.
18 жыл ішінде Назарбаев Зияткерлік мектептері инновациялық білім берудің, жоғары академиялық стандарттардың және үздіксіз дамуға ұмтылыстың символына айналды. Жүйе озық педагогикалық тәжірибелерді, кәсіби қауымдастықты және заманауи оқыту технологияларын біріктіріп, еліміздің білім беру саласының сапалы дамуына зор үлес қосып келеді.
Салтанатты шара барысында мектеп ұжымының еңбегі ерекше атап өтілді. Сонымен қатар педагогтерге, техникалық қызметкерлерге және мектептің тұрақты әрі табысты жұмысын қамтамасыз етіп жүрген барлық мамандарға шынайы алғыс айтылды. NIS жүйесінің дамуына үлес қосып жүрген барша әріптестерді мерекемен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті, жетістіктеріңіз мол болсын!