Жаңалықтар
NIS Kostanay мектебінде Корея Республикасының өкілдерімен кездесу өтті
26 мамыр 2026 10:54
NIS Kostanay мектебінде Корея Республикасының өкілдерімен кездесуде Dong-eui University және Король Седжон атындағы Қостанай корей тілі институтымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
Dong-eui University өкілі оқушыларға оқу мүмкіндіктері туралы айтып, университетке түсу үдерісін түсіндірді. Ынтымақтастық академиялық алмасуды, білім беру жобаларын дамытуды, сондай-ақ корей тілі мен мәдениетін үйренуді қолдауға бағытталған