Жаңалықтар
Желілік ART-ФЕСТИВАЛЬДЕГІ жарқын нәтиже
09 маусым 2026 09:57
Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің шығармашылық ұжымын желілік Art-фестивальдегі тамаша жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ауқымды желілік өнер фестивалінде мектебіміз төрт номинация бойынша жұмыстар ұсынып, оның екеуінде жеңімпаз атанды. Бұл – шығармашылық ізденістің, таланттың және командалық жұмыстың жарқын нәтижесі! «Үздік әлеуметтік бейнеролик» номинациясы «28 ілмек» жобасына берілді. Жоба үйлестірушісі – тәрбиеші Ляззат Исмаилова. Қатысушылар: Тамирис Иманбердинова, Айзере Ноянова, Азима Насырова, Виктория Демко. «Ең әсерлі сахналық шешім» номинациясы «SEN» мюзикліне берілді.
Көрермендерге өнердің шынайы сиқырын сыйлап, жоғары шеберлік деңгейін көрсеткен бүкіл шығармашылық ұжымға шынайы алғысымызды білдіреміз! Лайықты жеңістеріңізбен құттықтаймыз және жаңа шығармашылық табыстар тілейміз!