Жаңалықтар
NIS Қостанай командасы – желілік Спартакиаданың жүлдегері
15 маусым 2026 10:09
Орал қаласында өткен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің педагогтері мен қызметкерлері арасындағы желілік Спартакиадада Қостанайдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасы лайықты нәтиже көрсетті.
Шахмат жарысында мектебіміздің командасы тамаша ойын өрнегін көрсетіп, І орын иеленді. Сонымен қатар, жарыстың жалпыкомандалық қорытындысы бойынша мектебіміз 9 орынға тұрақтады.
Бұл жетістік – командалық бірліктің, табандылықтың және жеңіске деген ұмтылыстың нәтижесі. Команданың намысын абыроймен қорғаған әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!