logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Жаңа оқу жылы: мақсат, міндет, нәтиже

31 тамыз 2026 08:49

Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі педагогикалық кеңес өтті. Жиын барысында өткен оқу жылының қорытындылары талданып, жаңа оқу жылына арналған негізгі бағыттар мен маңызды өзгерістер таныстырылды.

Мектеп директоры Г. Дусказиева ұжымға алдағы оқу жылындағы басым бағыттарды таныстырып, білім сапасы мен оқушы жетістіктерін арттырудың маңыздылығына тоқталды. Кеңес барысында мектеп ұжымына жаңадан қосылған мамандар таныстырылып, оларға «Өркен» төсбелгілері табысталды.

Педагогикалық кеңес аясында «Табысты тәжірибелер панорамасы – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Сонымен қатар «Педагогикалық өлшеулер орталығы» директоры Д. Сапаков пен NIS Білім беру бағдарламалары орталығының директоры А. Бисембинова атынан берілген алғыс хаттарды мектеп директоры Гульнара Дусказиева табысталды. Мектеп ұжымына жаңа оқу жылында шығармашылық шабыт, толағай табыс және жоғары нәтижелер тілейміз!