Жаңалықтар
Қостанайдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде алғашқы қоңырау соғылды!
01 қыркүйек 2026 09:59
Қостанай қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Білім күніне арналған «Күшіміз – бірлікте, болашағымыз – білімде!» атты салтанатты жиын өтті. Биылғы оқу жылы еліміз үшін ерекше жылмен – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Салтанатты жиында мектеп директоры Гульнара Дусказиева ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, алдағы оқу жылына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, шара барысында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы Ануар Қанатұлы Жанғозиннің атынан мектебіміздің бірқатар ұстазына «Жеңіске жетелеуші» төсбелгісі табысталды. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған 5 және 7-сынып оқушыларына Шаңырақ көшбасшылары ізгі тілектерін білдіріп, оларды NIS қауымдастығының қатарына қабылдады.
Ата-аналар атынан Ғалымбек Ернар құттықтау сөз сөйлеп, мектеп ұжымына және оқушыларға жылы лебізін білдірді. Мектептің қоғамдық және тәрбиелік өміріне белсенді қатысып, әрдайым қолдау көрсетіп жүрген ата-аналарға алғыс хаттар табысталды.
Мерекелік жиын оқушылардың шығармашылық қойылымдарымен жалғасып, алғашқы қоңырау жаңа оқу жылына бастау берді. Білім жолындағы әр қадам берекелі болсын!