logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Жеңіске жетелеген ұстаздар марапатталды

01 қыркүйек 2026 10:05

Білім күніне орай өткен жиында Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бірқатар ұстаздары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозиннің атынан «Жеңіске жетелеуші» төсбелгісімен марапатталды. Атап айтқанда, марапатқа математика пәнінің мұғалімдері Айзат Жетпісбай мен Станислав Козловский, сондай-ақ география пәнінің мұғалімі Алмас Садвакасов ие болды.

Бұл марапат – шәкірттерінің биік жетістіктеріне жол ашып, олардың білімге деген қызығушылығын арттырып, жеңіске жетелеп жүрген ұстаздардың еңбегіне берілген лайықты баға.

Құрметті ұстаздар, марапаттарыңыз құтты болсын! Еңбектеріңіз жемісті болып, шәкірттеріңіздің жеңістері еселене берсін!