logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Мектебімізде Денсаулық күні атап өтілді

12 қыркүйек 2026 09:54

Мектебімізде Денсаулық күні атап өтілді. Мереке аясында «NIS RUN 2026» жүгіру марафоны мен «Family Fest» ұйымдастырылды. «NIS RUN 2026» жүгіру марафонына мектеп оқушылары, ата-аналар мен ұстаздар қатысып, спорттық мерекеде бас қосты. Қатысушылар өз еріктеріне қарай 1 және 3 шақырымдық қашықтықтардың бірін таңдады. Себебі бастысы – қашықтық емес, әр қадамдағы ортақ мақсатқа деген ұмтылыс.

Марафонға отбасылар да белсенді қатысты. Қатысушылар қатарында отбасы мүшелерінің барлығы бірге қатысқан отбасылар да болды. Әртүрлі жастағы қатысушылардың басын қосқан бұл марафон ұрпақтар сабақтастығы мен отбасы бірлігінің жарқын үлгісіне айналды. Марафонның ашылу салтанатында мектеп директоры қатысушыларға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді. Ал «Тұмар» би ансамблі өз өнерлерін көрсетіп, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Жүгіру алдында қатысушылар арнайы жаттығулар жасап, денелерін қыздырып, марафонға дайындалды. Оқушылар үшін де қызықты бағдарлама ұйымдастырылды. 5–7 сынып оқушылары арасында «Family Fest» өткізіліп, түрлі көңілді ойындар мен белсенділіктер ұйымдастырылды. 

Марафон барысында ата-аналар қауымдастығы да қолдау көрсетіп, «Бауырсақ Party» ұйымдастырды. Ыстық бауырсақтар мерекенің ажарын аша түсті. Шара соңында жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар марапатталды. Жоғары нәтиже көрсеткен отбасылық командаларға арнайы номинациялар табысталды. Сонымен қатар марафонның ең үлкен және ең жас қатысушылары да назардан тыс қалмай, арнайы марапаттарға ие болды. 

Жасы үлкен қатысушыға «Ұрпаққа үлгі» номинациясы табысталса, ең жас қатысушы «Жас қатысушы»номинациясымен марапатталды. Бұл күн спортты, отбасы құндылықтарын, ұрпақтар сабақтастығын және мектеп қауымдастығының бірлігін тоғыстырған жарқын мерекеге айналды.