Жаңалықтар
Қош келдің, жас зияткер!
24 қыркүйек 2026 09:48
Қостанайдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ерекше дәстүрге айналған маңызды шара – 5 және 7-сынып оқушыларын Зияткерлер қатарына қабылдау рәсімі өтті. Жаңа оқу жылын жаңа мәртебемен бастаған оқушыларға мектебіміздің география пәнінің мұғалімі, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Алмас Садвакасов жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.
Дәстүрге сай, әр шаңырақтың лидерлері 7-сынып оқушыларына NIS төсбелгілерін табыстап, жаңа зияткерлерді мектеп қауымдастығына жылы ықыласпен қабылдады.
Салтанатты шара барысында оқушылар академиялық адалдықты сақтауға, мектеп формасын құрметпен киюге, NIS құндылықтарын ұстануға және Назарбаев Зияткерлік мектебіне лайықты оқушы болуға ант берді. Шара соңында барша қатысушылар NIS әнұранын бірге орындады. Бұл күн – жаңа бастамалардың, достық пен үлкен жетістіктердің бастауы болды.