Жаңалықтар
Ата-аналар комитетінің алғашқы отырысы
28 қыркүйек 2026 09:58
Мектебімізде 2026-2027 оқу жылындағы ата-аналар комитетінің алғашқы отырысы өтті. Кездесу ашық диалог пен сындарлы пікір алмасу форматында ұйымдастырылып, ата-ана, мектеп және қоғам арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған өзекті мәселелер талқыланды.
Жиын барысында 2026–2027 оқу жылына арналған жалпы мектептік ата-аналар комитетінің құрамы бекітіліп, комитет төрайымы қызметіне Айна Баязитова тағайындалды. Сонымен қатар, жаңа оқу жылына арналған ата-аналар комитетінің жұмыс жоспары бекітілді.
Алдағы уақытта комитет мүшелері мектеп өміріне белсенді қатысып, ата-аналар мен мектеп арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға үлес қоспақ.